"Гарвардтан шығарылса, Ivy League-ның басқа университетіне ауыса алады" – Саясат Нұрбек

Осы күні Гарвард университетінде "Болашақ" бағдарламасы бойынша жеті қазақстандық білім алуда. 

"Гарвардтан шығарылса, Ivy League-ның басқа университетіне ауыса алады" – Саясат Нұрбек Фото: Үкімет

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі ондағы қазақстандық студенттердің жағдайын бақылауында ұстап отырғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Министр сөзінше, жағдай шынында күрделі. Бірақ, дүрлігуге әлі ерте. 

– Жағдай күрделі. Министрлік оны бақылауда ұстап отыр. Бүгіннің өзінде барлық тиісті сауалды жолдадық. Қабылданған шешім әзірше түпкілікті емес. Қазіргі уақытта сот талқылауы жалғасып жатыр. Кезекті сот отырысы 29-ына белгіленген. Дүрбелеңге түсуге әлі ерте. АҚШ-та сот сатысы шешім қолдау табатындығына немесе заңды күшіне енетіндігіне қатысты қорытынды форматты айқындауы мүмкін. Сондықтан да қазір соттың ресми шешімін күту маңызды, – деді министр Астана халықаралық форумында. 

Саясат Нұрбектің айтуынша, студенттер Гарвардтан шығарылғанымен, Айви Лигасының басқа университетіне ауысуға мүмкіндігі бар. 

– Мен "Болашақты" басқарған кезде комиссия құрылды. Егер біздің азаматтарға, олардың мамандықтарына қатысты жағдай болса, басқа ЖОО-ға ауысуға болады. Студенттер стипендия тағайындалған мамандық бойынша Ivy League университеттерінің бірінде оқуын жалғастыра алады. Плюща лигасында бір емес, 9 университет бар және олар шамалас деңгейде. Ауыстыру алгоритімі пысықталған, келісім бар. Бұл университеттің барлығы – "Болашақ" бағдарламасының серіктесі. Сондықтан, бізде барлық уақытта ба іс-қимылдың балама сценарийі бар, – деп атап өтті Саясат Нұрбек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу