Ғарыш туризмі дәуірі басталды

431

Алғаш ғарышқа Италия қорғаныс министрлігінің қаржыландыруымен ұшқыш офицерлер жіберілді. 

Ғарыш туризмі дәуірі басталды Фото: РИА новости

Миллиардер Ричард Брэнсонға тиесілі Virgin Galactic компаниясының VSS Unity космопланы алғашқы коммерциялық ұшырылымын сәтті аяқтады, деп жазады inbusiness.kz BBC-ге сілтеме жасап.

Eve ұшақ-тасымалдағышы бейсенбі күні жергілікті уақытпен сағат 08:30-да АҚШ-тың Нью-Мексико штатындағы ғарыш айлағынан ұшырылды. Шамамен бір сағаттан кейін 13600 метр биіктікке жеткенде ракетоплан ұшақтан бөлінді, дербес қозғалтқышын қосып, ғарыш шекарасына шықты. Алған максималды биіктігі – 85 км.

Жалпы ұшу уақыты бір жарым сағатқа созылды. Бортта Virgin Galactic компаниясының екі ұшқышы мен астронавт нұсқаушысынан басқа, үш италиялық ұшқыш офицер болды. Олар бірқатар ғылыми эксперименттер жүргізу үшін ғарышқа сапар шекті, ал кеме ұшудың ең жоғары нүктесіне жеткенде Италия әуе күштерінің 100 жылдық мерейтойына орай мемлекеттік туларын желбіретті.

Ғарыш кемесінде туристер болмаса да, бұл әлі де коммерциялық рейс болып қала бермек, себебі офицерлердің ғарышқа сапары тегін болған жоқ, ол үшін Италияның Қорғаныс министрлігі төледі.

Енді Сэр Ричард Брэнсон 250-ден 450 мың долларға дейінгі билеттерді алдын-ала сатып алғандарды біртіндеп ұшуды жоспарлап отыр, барлығы 800-ге жуық адам. Кейбіреулер ғарыштың шетіне бару үшін он жылдан астам уақыт күтеді, көпшілігінің күту уақыты одан әрі созылуы мүмкін.

Мәселе мынада, Unity кемесі бортқа бірнеше жолаушыны ғана қабылдай алады және рейстерді айына бір рет жасау жоспарланған, сондықтан Virgin Galactic 2026 жылы коммерциялық ұшуды бастайтын және аптасына бір рет ұшатын зымыран ұшақтарының жаңа класын ұшырғанға дейін кезек баяу қозғалмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу