Ғарышқа алғаш рет арбада отырған адам ұшты

268

Михаэла Бентхаус Еуропалық ғарыш агенттігінде аэроғарыш және мехатроника жүйелері бойынша инженер болып жұмыс істейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC басылымына сілтеме жасап.

Ғарышқа алғаш рет арбада отырған адам ұшты Фото: instagram/michi_benthaus

Сенбі күні аяқтары сал болып қалған Германиядан шыққан инженер әйел тағы бес жолаушымен бірге Blue Origin зымыранымен 10 минуттық ғарыш сапарына аттанып, Жер бетінен 65 миль биіктікке көтерілді.

"Бұл – өмірімдегі ең керемет әсер болды!" – деді Михаэла Бентхаус жерге қонғаннан кейін.

Жеті жыл бұрын тауда велосипед тебу кезінде болған апат салдарынан Бентхаус омыртқасынан жарақат алған. Алайда бұл оның ғарышқа ұшу туралы көптен бергі арманын жүзеге асыруына кедергі болмады.

"Маған тек ашылған көрініс пен микрогравитация ғана емес, көтерілу үдерісінің өзі де қатты ұнады. Әрбір кезеңі керемет болды", – деді ол Blue Origin жариялаған видеода.

Апаттан кейін, оның айтуынша, ол "мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін әлем әлі де қаншалықты қолжетімсіз екенін шын мәнінде түсінген".

"Мен ғарышқа ұшу мен үшін шынайы мүмкіндік болады деп ешқашан ойламадым. Өйткені тіпті дені сау адамдардың өзі үшін бәсеке өте жоғары", – деді ол ұшар алдында Associated Press агенттігіне.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу