Ғарышқа ұшқан қытайлықтар Жерге қайта алмай отыр

104

Алдын ала мәлімет бойынша, ғарыш кемесінің капсуласы ғарыштағы қоқыспен соқтығысып, зақымданған.  

Ғарышқа ұшқан қытайлықтар Жерге қайта алмай отыр Фото: "Синьхуа" агенттігі

Қытайдың "Шэньчжоу-20" миссиясына қатысып жатқан үш ғарышкер орбитадағы апат салдарынан Жерге қайта алмай қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазіргі уақытта ғарышкерлер – Чэнь Дун, Чэнь Чжунжуй және Ван Цзе  Қытайдың орбиталық "Тяньгун" станциясында қалып отыр. Олардың кемесіне қатысты зақымның деңгейін анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.

Экипаж бұған дейін ғарышта 6 ай уақыт өткізіп, ғылыми тәжірибелер мен ашық ғарышқа шығу жұмыстарын жүргізген. Енді олар көлік жүйесіндегі ақау жойылғанға дейін станцияда қалуға мәжбүр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу