Ғарышкер Дмитрий Петелин қазақстандықтарды Жер орбитасынан құттықтады

607

Дмитрий Петелин - ғарышкер, Қостанайдың тумасы. Қазір ресейлік ғарыш айлағында қызмет етеді.

Ғарышкер Дмитрий Петелин қазақстандықтарды Жер орбитасынан құттықтады Фото: 31tv.ru

Өзінің әлеуметтік желісінде қостанайлық ғарышкер жерлестерін келіп жеткен Наурыз мейрамымен екі тілде құттықтады.

"Құрметті қазақстандықтар, әсіресе қостанайлықтар, жерлестер! Сіздердің мерекелеріңіз құтты болсын! Өздеріңізді сақтаңыз. Мен Ғарыштан Жерге қарауға мүмкіндік алдым және сізге айтқым келеді - бір-біріңізге ренжімеңіз, бекер ашуланбаңыз. Біздің планетамыз үлкен және өте әдемі - орбитадан мұндай әдемі Жерде қиындықтар болуы мүмкін емес сияқты. Бүгін үлкен және жарқын мереке - сізге бақыт! Қиындықтарға жоғарыдан қараңыз, күннің батуы мен таңның атуын қуана қарсы алыңыз, әр күннен ләззат алыңыз және мынаны біліңіз, өмір тамаша!" - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу