Ғарышкерлер Жезқазған маңына қонды

1618

Ғарышкерлер Жезқазған маңына қонды

Халықаралық ғарыш станциясының үш экипаж мүшесі бар "Союз МС-06" ғарыш кемесінің түсірілетін аппараты кеше таңертең Жезқазған қаласының оңтүстік-шығыс жағынан 146 шақырым қашықтықта қонды. Жерге ресейлік ғарышкер Александр Мисуркин және NASA астронавттары Марк Ванде Хай мен Джозеф Акаба оралды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі. 
Жерге қону Астана уақыты бойынша 08 сағат 31 минутта болды. Орбитадан түсу және жерге қону штаттық режимде өтті. Жерге оралған экипаж мүшелерінің жағдайы жақсы. 
"Союз МС-06" ғарышта 2017-ші жылдың 13-ші қыркүйегінен бері ұшып жүр. МКС-53/54 экспедициясына қатысушылар орбитада 168 тәулік болды. 
ХҒС-да экипаж станцияны жүк кемесімен жеткізілген жабдықтармен қосымша қамтумен айналысты. Александр Мисуркин ресейлік ғарышкер Антон Шкаплеровпен бірге ашық ғарышта кең жолақты байланыс жүйесінің жаңа қабылдауыш модулін орнатты. Бұл модуль нақты уақыт ркжимінде телеметрикалық және бағытты ақпаратты таратудың тиімділігі мен өткізу қабілетін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Ашық ғарыш жағдайында ресейлік ғарышкерлер рекордтық 8 сағат 12 минут уақыт өткізді. 
ХҒС-мен қоштасар алдында бірнеше сағат бұрын 54-ші экспедицияның командирі Александр Мисуркин Жер тұрғындарына бейне хабарлама жазды, онда ол ғарыш қалай жалықтырар жұмысқа айналатыны, ғарышта күн сайын қандай жұмыстар атқару керектігі жәнеде қандай музыкамен ғарышкерлерге жұмыс істеу керектігі туралы айтып берді. 
"Жарты жыл бір сәттей өте шықты, жәнеде біз туған Жерімізге оралуға дайынбыз. Ұшу қалай өткені туралы сіздермен барынша бөлісуге тырыстым. Ал бүгін сіздерге өзім байқаған бір ерекшелікпен бөліскім келіп отыр: адам тез бейімделгіш. Ол ең айрықша деген заттарға да үйреніп алады. Басында аса қатты әсер беретін заттардың өзі уақыт өте келе қалыпты жағдайға айнала бастайды. Сондықтан сен бар күш-жігеріңді жинап, бастапқыда сені не қатты толғандырып, мезі қылатын заттарды еске алуың керек", - деп Александр Мисуркин ғарышта болған жағдайымен бөлісті. 
Жерге қонуды қамтамасыз етуге Қазақстанның жедел аэродромдарына көшірілген Орталық әскери округтің әскери авиациясы мен іздестіру-эвакуациялау машина-амфибиялары жұмылдырылды. Іздеу-құтқару операциясына 12 МИ-8 тікұшақтары, үш АН-26 және екі АН-12 ұшақтары, сонымен қатар 16 бірлік автотехника, оның ішінде жоғары өтімділігі бар "Синяя птица" іздестіру-эвакуациялау машина-амфибиялары, жәнеде 200-ден астам жеке құрам адамдары қатысты. 
Орбиталық станцияда ресейлік Антон Шкаплеров, америкалық Скотт Тингл және жапондық ғарышкер Норишиге Канаи қалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу