Ғарышта ең ұзақ уақыт болған әуекеме Қазақстанға қонды

172

Кононенко - ғарышта үш жылдан астам уақыт болған алғашқы адам. 

Ғарышта ең ұзақ уақыт болған әуекеме Қазақстанға қонды Фото: корреспондент

Екі ресейлік ғарышкер ХҒС үшін бір жылдан астам уақытқа созылған ең ұзақ миссияны аяқтап, бүгін Қазақстан жеріне қонды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Сонымен қатар, Олег Кононенко барлық бес рейсті санағанда жерден тыс рекордтық уақыт өткізді – 1111 күн немесе үш жылдан астам. Оның әріптесі Николай Чуб үшін бұл орбитадағы дебют болды. Ресейлік ғарышкерлермен бірге NASA астронавты Трейси Дайсон Жерге оралды.

Қазіргі уақытта Кононенко мен Чуб Мәскеу облысындағы Жұлдызды қалада жайғасты.

Бұған дейін екі ресейлік ғарышкер мен америкалық астронавт мінген "Союз МС-26" Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС)сәтті қондырылғаны хабарланған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу