Қытайдың үш тайконавттан тұратын пилотты кемесі "Тяньгун" станциясында алты ай болып, Жерге оралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Интерфакс" агенттігіне сілтеме жасап.
Олар станцияға ауыспалы экипажды жеткізген "Шэньчжоу-21" кемесімен оралды. Тайконавттар Чэнь Дун, Чэнь Чжунжуй және Ван Цзе 5 қараша күні Жерге оралуы тиіс болған. Алайда олар мінген "Шэньчжоу-20" кемесі кішкентай ғарыш қоқысына соқтығысып, салдарынан тайконавттар станцияда уақытша қалуға мәжбүр болған.
ҚХР-дың пилоттық ғарыштық ұшулар бағдарламасын басқару орталығы "Шэньчжоу-20" кемесі тайконавттарды қауіпсіз түрде Жерге жеткізу талаптарына сай келмейтінін мәлімдеді.
31 қазанда станцияға "Шэньчжоу-21" кемесімен кезекті экипаж мүшелері келді. Олардың қатарында Чжан Лу, У Фэй және Чжан Хунчжан бар.
Оныншы экспедиция аясында олар да орбиталық зертханада шамамен жарты жылдай жұмыс істеуі тиіс.
Алғашқы пилоттық миссия орбиталық зертханаға 2021 жылы жіберілді. Ол уақытта үш тайконавт станцияға маусым айында келіп, сол жылдың қыркүйегінде Жерге оралды.
Қытайдың "Тяньгун" орбиталық зертханасы Халықаралық ғарыш станциясына қарағанда бес есе аз. Оның қызмет ету мерзімі 10 жылға жоспарланған.