“Гастролер” алаяқ Қызылордада қолға түсті

499

Ол өзін көпшілікке су арнасының қызметшісі ретінде таныстырып, ақша тонаған.  

“Гастролер” алаяқ Қызылордада қолға түсті Фото: polisia.kz

БҚО полицейлері “гастролер” алаяқты Қызылордада қолға түсірді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

БҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 16 тамызда Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, Қызылорда қаласы аумағында жедел-іздеу іс-шараларын жүргізу барысында бұрын сотталған 37 жастағы күдіктіні анықтап, қолға түсірді.

Ол 11-14 тамыз аралығында Орал қаласының аумағында өзін су арнасының қызметшісі ретінде таныстырып, егде адамдардың үйіне кіріп, ақшаларын ұрлаумен айналысқан. Шығын 900 мың теңгеден астам қаражатты құраған.

Қазіргі уақытта күдікті Қызылорда қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Жақын арада Орал қаласына жеткізіледі.

Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) төрт эпизод бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу