Ғасыр соңына дейін Каспий теңізі 6 метрге дейін төмендеуі мүмкін

211

Бұл туралы Әзербайжанның Экологиялық саясат басқармасы басшысының орынбасары Рафиг Вердиев айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты KAZINFORM агенттігіне сілтеме жасап.

Ғасыр соңына дейін Каспий теңізі 6 метрге дейін төмендеуі мүмкін Фото: canva.com

Рафиг Вердиевтің мәліметінше, соңғы 30 жылда Каспий теңізіне құятын өзендердің деңгейі төмендегені байқалады.

"Кейінгі кезде жауын-шашын мөлшері азайды. Булану үдерісі жоғарылады. Бұл Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. 1979 жылы Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне байланысты солтүстіктен құятын өзендер жөнінде арнайы жоба қарастырылған. Кейін теңіздің деңгейі көтерілді. Сол себептен, аталған жоба кейінге қалдырылды. Алайда, қазіргі байқалып отырған үдерістерге байланысты бұл жобаны қайта қарастырылу мәселесі туындауы мүмкін", – дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу