Ғасыр жасаған кейуананың 94 шөбересі бар

728

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданының тұрғыны 95 жастағы Балапан Байнешова ұрпағының арасында қарттықтың керемет кезеңін өткізуде. Оның бүгінде 10 баласы, 46 немересі, 94 шөбересі және 5 шөпшегі бар, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Ғасыр жасаған кейуананың 94 шөбересі бар

Үлкен шаңырақтағы ауызбіршіліктің ұйытқысына айналған Балапан әже әлі де қолына ұршығын алып, жіп иіреді. Ол денсаулығының бүгінгі мығым қалпын жастық шағында еткен қара еңбекпен байланыстырады. 

"Кезінде бәрін де істедік. Отын да тасыдық, жүн де түттік. Жастығымыз соғыспен тұспа тұс келіп, әскерге керектінің бәрін өзіміз жолдап отырдық. Тұрмысқа 17 жасымда шықтым. 10 құрсақ көтердім. Бүгінгі күніме мың шүкір. Бала-шағамның ортасында шалқып өмір сүрудемін. Құдай елімізді осы бейбіт күннен айырмасын. Жаман аурудан аман болыңдар. Менің жасымды берсін!", – дейді Балапан Байнешова. 

Бұл отбасында қазақы дәстүр жақсы сақталған. Оның өзіне ұрпақтар сабақтастығы, Балапан әже бастаған ене мектебі себеп болса керек.                                                       

Алмас Қылыш                                                                                                                         

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу