АҚШ-тың Гавай аралдарында Килауэа жанартауының атқылауына байланысты қауіп деңгейі қызыл түске дейін көтерілді, деп хабарлайды 24.kz.
Мамандар жанартаудың белсенділігі кез келген уақытта күшейіп, ол тағы да от пен күл шашуы мүмкін деп отыр. Сондай-ақ оның маңында жарықшақтар пайда болуы ықтимал. Қазірге дейін жанартау маңынан осындай 19 жарықшақ тіркелген. Олардан аққан қызыл шоқ сағатына 20 шақырым жылдамдықпен мұхитқа қарай жылжуда.
Еске сала кетейік, Килауэа жанартауы осы айдың бас кезінде атқылай бастады. Ал мамырдың 9-ында аймақ басшылығы Пуна округін апат аймағы деп жариялап, 2 мың адамды қауіпсіз жерге көшірді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу