Билік Лахайна қаласындағы өртенген үйлерден адамдарды көшіру мәселесін шешуде, онда барлық ғимараттар жанып кеткен. Гавайи губернаторы Джош Грин зардап шеккендер орналасқан жергілікті қонақүйлердегі 500 бөлмеге бюджеттен қаржы бөлінгенін айтты, деп жазады inbusiness.kz CNN сілтемесімен.
"Бұл біз бастан өткерген ең үлкен табиғи апат",-деді губернатор 12 тамызда кешке өткен баспасөз мәслихатында. "Бәрін қайта қалпына келтіру үшін орасан уақыт қажет".
Сонымен қатар, Мауидегі дабыл сиреналары өрт кезінде жұмыс істемегені белгілі болды, оған бейне әрі адуидоматериалдар дәлел. Тұрғындармен шұғыл байланыс электр қуаты мен ұялы байланыстың көп бөлігі өшірілген кезде ұялы телефондармен, радиомен және теледидармен шектелді.