Гавайиде жанартауға шыққан үш қазақстандық түрмеге қамалуы мүмкін

624

Мауна-Лоа атқылай бастағанына қарамастан, туристер жанартауға шығып серуендеген, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

 Гавайиде жанартауға шыққан үш қазақстандық түрмеге қамалуы мүмкін Фото: tengritravel.kz

Гавайидегі Мауна-Лоа қорығының баспасөз қызметі сәрсенбіде Гавайи аралындағы Мауна-Лоа орман қорығының жабық аймағында құқық қорғау органдары Қазақстаннан келген үш ер адамды ұстағанын хабарлады. Жақында Мауна Лоа жанартауы атқылай бастағаннан кейін адамдарды өлімнен, зақым алудан сақтау үшін жергілікті билік аталмыш аумақты көп ұзамай жабуға шешім қабылдаған.

Полицейлер айтуынша, шетелдіктер тыйым салынған аймақта серуендеп, жанартауды суретке түсірген. Оқиға орнына кетіп қалған туристер көп ұзамай ұсталған. Енді оларға айыппұл салынады немесе сот жөн көрсе олар түрмеге жабылады.

Қазақстанның үш азаматының есімдері анықталды: 31 жастағы Әдібаев Ақсамат, 23 жастағы Дәурем Сәбит пен 32 жастағы Нұрс Нияз.

Олар 2023 жылдың 20 қаңтарында Хило аудандық сотына келуі керек. Туристерге ұсақ құқық бұзушылық жасады деген айып бойынша 500 долларға дейін айыппұл салынуы мүмкін немесе сот оларды 30 күнге бас бостандығынан айырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу