Газ алу туралы ұсынысқа Ресей жылдың екінші жартысында жауап береді

766

Солтүстік өңірлер мен ШҚО-ны газдандыру бойынша Энергетика министрі Болат Ақшолақов қарастырылып жатқан нұсқалар туралы айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

Газ алу туралы ұсынысқа Ресей жылдың екінші жартысында жауап береді

Ресей Федерациясынан газ алу нұсқасы қазақстандық-ресейлік жұмыс тобының шеңберінде қарастырылуда. Министрлік әкімдіктермен бірлесіп, газдандырудың нұсқаларын қарау үшін тұтынудың шамадағы көлемін анықтап, ресейлік тарапқа жолдады. 

Сондай-ақ газ құбырларының оңтайлы маршруттары анықталды, бұл:
-  ұзындығы шамамен 1 000 км "Барнауыл – Рубцов – Семей – ары қарай Өскемен мен Павлодарға тармақтау";
- ұзындығы шамамен 644 км "Есіл – Петропавл – Көкшетау – Нұр-Сұлтан".

"Бүгінгі таңда Ресей тарапы есептеулер жүргізуде, жауабын жылдың екінші тоқсанында аламыз деп күтіп отырмыз", - дейді Ақшолақов.

"Сондай-ақ біз ШҚО мен солтүстік өңірлерді Ресей Федерациясынан сұйылтылған табиғи газды жеткізу арқылы газдандыру нұсқасын зерттеудеміз. Бұл ретте, ол үшін компримирлеу мен қайта газдандырудың тиісті инфрақұрылымын салу және құрылысқа тиісті инвестициялар салу талап етілетінін атап өткен жөн", - дейді министр.

Сондай-ақ газды "Сарыарқа" магистральдық газ құбырынан беру газдандырудың баламалы нұсқасы болып табылады.

Қазіргі таңда "АстанаГаз ҚМГ" АҚ Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын газдандыруды көздейтін "Сарыарқа" МГҚ-ның 2-3-кезеңдерін салу бойынша техникалық-экономикалық негіздемені түзетті. Мемсараптаманы алудың күтілетін мерзімі – маусым.

"АстанаГаз ҚМГ" ақпараты бойынша, материалдардың қымбаттауын ескере отырып, ұзындығы 483 км болатын "Сарыарқа" МГҚ-ның 2-3 кезеңдерін салу құны шамамен 165 млрд теңгені құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу