"Газ бағасы көтеріледі, одан қашып құтыла алмаймыз"

908

Сенат депутаты Ерік Сұлтанов газ бағасын белгілеудің жаңа моделін қалыптастыру керек екен айтады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Газ бағасы көтеріледі, одан қашып құтыла алмаймыз"

Сенатордың айтуына қарағанда, ішкі нарықта газ тұтыну көлемі ұлғаятындықтан газды экспорттау азаяды. Ішкі нарықтағы бағаны ұлттық оператор QazaqGaz компаниясы субсидиялайтыны белгілі. Ендеше экспорт азайғанда табыс кеміп, ішкі нарықтағы баға шамамен 60 пайыз өсуі мүмкін.

"Газ тарифінің көтерілуінен құтыла алмайтынымызды ашық айту керек. Сондықтан газ тартылмаған өңірлерді газдандыра алатындай, әлеуметтік осал топтарға қолайлы баға ұстап тұра алатындай тариф белгілеудің оңтайлы тетігін анықтау маңызды", – дейді сенатор. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу