Газ бағасын көтеруге келіспеген монополияға қарсы орган Жоғары сотқа жүгінді

1037

Газ тарифіне қатысты дау-дамай жалғасуда, деп хабарлайды Atameken Business.  

 Газ бағасын көтеруге келіспеген монополияға қарсы орган Жоғары сотқа жүгінді

Бағаны көтеру туралы шешіммен келіспеген монополияға қарсы комитет енді жоғары сотқа жүгінді. Бұған дейін құзырлы орган екі сотта да жеңілген болатын. Яғни шешім тариф деңгейімен келіспеген "ҚазтрансгазАймақ" компаниясының пайдасына шығарылды. Енді шенеуніктер Нұр-Сұлтан қаласындағы көгілдір отынның бағасын қайта қарауы қажет. Қазіргі таңда тарифтың бір текше метрі 34,6 теңгені құрайды. Бірақ, бағаны одан әрі өсіру көпшіліктің наразылығын тудырады деп отыр комитет басшылығы. Газ құнын қымбаттатуға талыпынып отырған компанияға Бас көлік прокуратурасы да қарсы. Алайда, екі сотта да олардың өтініштері еленген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу