Неліктен газ баллонмен жүретін көліктерді жабық тұрақтарға қоюға болмайды?

514

Елімізде "Газбаллон" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Неліктен газ баллонмен жүретін көліктерді жабық тұрақтарға қоюға болмайды? Фото: ҚР ТЖМ

Елімізде "Газбаллон" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары да қалыс қалған жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жабық паркингтерде газ жабдықтары бар машиналардың бар-жоғын тексеруде. Сонымен қатар тұрғындарға ондай машиналарды тұраққа қоюға тыйым салынатынын түсіндіруде,

Бүгін, 24 тамызда Төтенше жағдайлар департаменті мен Полиция департаментінің қызметкерлері "Газбаллон" республикалық жедел алдын алу іс-шаралары аясында рейдтік іс-шаралар өткізуде. Рейдтер барысында Орал қаласының "Орал", "ASIA MALL" сауда-ойын-сауық орталықтарының, "Юнис сити" және "Олимп" тұрғын үй кешендерінің жерасты автотұрақтарында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың 4 фактісі анықталды, олар бойынша әкімшілік іс қозғалды. Аталған іс-шаралар барысында барлық автокөлік иелеріне қауіпсіздік талаптары жеткізілді.

Сонымен қатар, рейдтер барысында автокөлік құралдарына тиісті рұқсатсыз газ-отын жүйесін орнатқан жосықсыз автокөлік иелерін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Құжаттары жоқ газ баллонды жабдықтары бар 5 автомашина айыппұл тұрағына жөнелтілді.

"Газбаллон" жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерінде қозғалтқыштары сығылған табиғи газбен немесе сұйытылған мұнай газымен жұмыс істейтін газ баллонды жабдықпен жарақтандырылған, өзге мақсаттағы және оларға жапсарлас салынған ғимараттарда, сондай-ақ жер деңгейінен төмен орналасқан автотұрақтар мен жабық типтегі үй-жайлар мен паркингтердегі автокөліктердің тұрағына тыйым салынғанын еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу