"Газ баллонын шаша салды": Астанада автобустағы агрессивті жолаушы видеоға түсіп қалды

209

"City Transportation Systems" ЖШС аталған жайсыз оқиға 1 мамырда № 21 бағдарда "Ailand отбасылық демалыс орталығы" аялдамасында орын алғанын хабарлады. 

"Газ баллонын шаша салды": Астанада автобустағы агрессивті жолаушы видеоға түсіп қалды Фото: inbusiness.kz

Астанада қоғамдық көліктің жолаушысы билет тексеретін адамның өтінішін елемеген, ал өзіне сын таққан азаматқа ол газ баллонын шашып жіберді.

"Жолаушылардың бірі CTS КБД қызметкеріне жол ақысын көрсетуден бас тартты. Салондағы басқа жолаушылар ер адамға ескерту жасай бастады. Жекелей ескерту жасаған жолаушылардың біріне ол газ шаша салды", делінген хабарламада.

Полиция департаментінің қызметкерлері ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырып, 73 840 теңгеге айыппұл салды.

"Құрметті жолаушылар, қоғамдық көлікте жол жүру ақысын уақтылы төлеуді, төлемді тексеруге көрсетуді, сондай-ақ басқа жолаушыларды құрметтеуді сұраймыз", - дейді көлік компаниясындағылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу