Газ ХАБы Түркияға 40 млрд текше метр газ экспорттауға мүмкіндік береді

538

Түркия аумағындағы Владимир Путиннің ұсынысымен құрылған газ ХАБ-ы елге шамамен 40 миллиард текше метр газ экспорттауға мүмкіндік береді. 

 Газ ХАБы Түркияға 40 млрд текше метр газ экспорттауға мүмкіндік береді Фото: РБК

Түрік билігі болжамды мөлшерді қиындықсыз еңсереміз,- деп отыр. Мұндай мәлімдемені Энергетика министрі Фатих Донмез  жасады, - деп хабарлайды Энерджи Тудэй.

Басылымның мәліметінше, Түркия тек тасымалдау қызметімен айналысуға құлықты емес. Елде халықаралық газ сауда орталығын құру жоспарланып отыр. Орталықтың жұмысы жергілікті заңмен реттеледі. Қосымша түзетулер елдегі 14 мамырдағы президент сайлауынан кейін енгізіледі.

Сонымен қатар, Түркияның ішкі нарығына сәуір айының соңына дейін жаңадан ашылған алып Сакария кен орнынан Қара теңіз газының алғашқы өнімі жеткізілетіні белгілі болды. Сондай-ақ ел президенті Тайып Ердоған Аккую атом электр станциясының құрылысы мен жасыл энергетикаға көшуге қатысты түсініктеме берді. Түрік басшысы станция құрылысына қарсылық білдірген оппозиция өкілдерінің реакциясына таңданысын жасыра алмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу