Газ контрабандасына қатысты сот басталды

916

Газ контрабандасына қатысты сот басталды

Ақтөбеде экономикалық контрабандаға қатысы бар деген күдікпен ұсталған екі кәсіпкердің үстінен сот процесі басталды. Олар аймаққа тиесілі әлеуметтік газды Ауғанстан мен Ресей Федерациясына тонналап сатып, миллиондаған теңге заңсыз табыс тапқан. Осылайша Gold Steps компаниясының басшысы Берік Есенов пен осы мекеменің коммерциялық директоры Арман Сыздықов үкіметке 22,5 млн теңгеден артық залал келтірген.

Тергеу органдарының пайымынша, олардың бұл әрекеттері жыл басында олыста орын алған газ тапшылығына әкеп соқтырған. Егер сотталушыларға тағылған айып дәлелденсе, олар үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Алайда кәсіпкерлер сот оларды шартты түрде жазаласа, тағылған айыпты мойындауға бар. Сот әзірге олардың бұл өтінішін қанағаттандырмады, өйткені ол үшін келтірілген шығын өтелуі тиіс. Процесс жалғасуда.

Роза Күзенбаева, Ақтөбе №2 қалалық соттың судьясы:

"Аталған нәрселерді және жасалған қылмыстық тәріпбұзушылықты ескере отырып, сондай-ақ сотталушылардың өкінгенін дәлелдейтін орнына келтірілген залалдың жоқтығын ескеріп, сот олардың шартты жаза тағайындауына мүмкіншіліктің жоқ екенін алға тартады".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу