Бүтін бір Отар ауылына орнатылған көгілдір отын бағаналары елді-мекенге газ келмей жатып жарамсыз күйге жеткен. Ауыл тұрғындарының сөзінше қадаларының түбі бетондалмай тек, жерге жай қағылған. Сонымен қатар жол үстіндегі аркалары да құлап, көлік жүрісіне кедергісін келтірген. Аудан әкімдігінің сөзінше мемлекеттік бюджеттен 10 ауылды газдандыру үшін магистральды газ жүйесі жүргізілген. Ал, кейбір ауылішілік жүйелер халықтың қаржысына салынып жатқан көрінеді. Әкім орынбасары солай деді. Дегенмен құбыры қирандыға айналған Отар олардың тізімінде емес. Бүгінгі таңда Отар ауылын газдандырумен "Энерджи газ сервис" ЖШС айналысып жатыр. Әкімдік кінәнің бәрі мердігерден дейді.