Газ құбырында болған жарылысқа байланысты үзілістен соң Иран Түркияға газ жеткізуді қайта жалғастырды. Бұл туралы ISNА агенттігіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлап отыр. Бұған дейін мәлім болғандай, 28 қазанда Түркияның шығысындағы Агра провинциясымен өтетін Иран – Түркия газ құбыры желісінде жарылыс болып, салдарынан өрт шыққан еді. Осыған байланысты газ жеткізу тоқтатылды.
"Иранның ұлттық газ компаниясы мәлімдегендей, алғашқы жіберілетін 27 млн текше метр газ көлемі газ құбырындағы қысым бірте-бірте ретке келген бойда келісімшартта көрсетілгендей бірнеше сағат ішінде Түркияның сұранысына сай мөлшерге дейін арттырылады", – делінген агенттіктің ақпаратында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу