Газ одағын құру бойыша Ресейден ресми ұсыныс әлі түскен жоқ

590

Үштік газ одағын құру бойыша Ресейден ресми ұсыныс әлі түскен жоқ. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров мәлімдеді. 

Газ одағын құру бойыша Ресейден ресми ұсыныс әлі түскен жоқ

Оның сөзінше, әзірге бұл идея ғана. Теріскейдегі көршіміз ешқандай мәлімет жібермеген. 

"Ал Қазақстан бұл одаққа мүше бола ма жоқ па -  бәрі көрші елдің талаптары мен шарттарына тікелей байланысты", деді А.Айдаров Мәжіліс кулуарында.

"Әзірге газға қатысты жеке ұйым немесе мемлекетаралық одақ құру туралы мәселе көтеріліп жатқан жоқ. Бұл тек көгілдір отынның бағасы мен жеткізілімдерін реттеуге  қатысты идея ғана болды. Газ тапшылығы барлық елдерде бар, сондықтан Ресей тарапы осындай ұсыныспен шықты", деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров.

Айта кетсек, қарашаның соңында Владимир Путин Қазақстан мен Өзбекстан Президенттеріне ортақ газ одағын құру туралы ұсыныс жасаған. 

Өзбек билігі бұл бастаманы қолдамады. Бұған дейін энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстан, Ресей және Өзбекстан газ тасымалдаудың техникалық мүмкіндіктерін талқылап жатыр, ал одақ құру туралы әңгіме жоқ екенін айтқан болатын. Ал Ресейдің вице-премьері Александр Новак газдың ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету және экспорттық әлеуетті арттыру үшін Ресей үштік газ одағының жобасын пайдаланғысы  келетінін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу