Газ өңдейтін зауыт салынып жатыр

1124

 Ілеспе газ жанбайтын болғандықтан, жаңа зауыт, тұтастай алғанда, облыс экологиясын жақсартады.

Газ өңдейтін зауыт салынып жатыр

Ақтөбе облысында құны 21 млрд теңгені құрайтын газ өңдейтін зауыт салынуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы баспасөз конференциясында Байғанин ауданының әкімі Жандарбек Жаңабай айтты. Оның сөзінше, Байғанин ауданындағы Қожасай кен орнында газды кешенді әзірлеу қондырғысының құрылысы жүріп жатыр. Оны "Gas Proсessing Company" ЖШС жүзеге асыруда.

"Жаңа қондырғы ілеспе газды өңдеу үлесін арттырып, өнімнің жаңа түрлерін игеруге мүмкіндік береді. Қуаты жыл сайын 300 млн текше метр құрғақ газ, 37 мың тонна пропан-бутан техникалық қоспасын, 5400 т газ конденсатын және 10 500 т күкірт өндіруге жетеді. Ілеспе газ жанбайтын болғандықтан, жаңа зауыт, тұтастай алғанда, облыс экологиясын жақсартады. Газды кешенді әзірлеу қондырғысының құрылысы ағымдағы жылы аяқталады", - деді Жандарбек Жаңабай.

Қазіргі уақытта нысан құрылысына 450 адам тартылған. Пайдалануға берілген соң 258 жұмыс орны ашылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу