Ашық дерек көздерінен білгеніміздей, құрылыс кезеңінде 2 800 жұмыс орны және жоба іске қосылған соң 600 тұрақты жұмыс орны құрылады деп күтілуде.
Және индустрияландыру картасы аясында биыл жалпы құны 817 млрд. теңгені құрайтын 2 жоба іске қосылып, 570 жұмыс орны ашылады.
Еске сала кетелік, өткен жылы индустрияландыру картасы аясында, Атырауда 7 жоба ашылып, 580 жұмыс орны құрылды. Олардың қатарында, "Доктор Хаус" ЖШС-нің "Медициналық бетперделер өндірісі", "Бұйырғын" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің "Құс етін өндіретін фабрикасы" және "Бест Модуль" ЖШС-нің металлдан жасалған модульдік ғимараттары бар.