Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде өрт шықты. Оқиға Вагонная көшесінде орын алған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тұрғындар көрші пәтерден шыққан түтіннің иісін сезіп, дереу құтқарушыларға хабар берген. Алайда, есікті ешкім ашпағандықтан, төтенше жағдай қызметкерлері ішке кіруге мәжбүр болды.
Өрт сөндірушілер газ плитасында тамақтың жанып, жалынның ас үй жиһазына тарағанын анықтады. Құтқарушылар өртті шұғыл сөндіріп, газ плитасын өшіріп, газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу