Өзбекстан қыс айларында күрт өскен ішкі сұранысты қанағаттандыру мақсатында Түркіменстаннан табиғи газ импортын ұлғайтуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz АА сайтына сілтеме жасап.
"Жаңа Өзбекстан" газетінің хабарлауынша, мұндай уағдаластыққа жақында Ашхабадта өткен Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы Сардор Өмірзақов пен Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтың келіссөздерінде қол жеткізілді.
Кездесу барысында тараптар осы қыста 3 ай ішінде Түрікменстан Өзбекстанға қосымша 1,5 млрд текше метр табиғи газ жеткізеді деп келісті.
Өзбекстанның Энергетика министрі Жүрабек Мырзамахмудов өткен аптада елде энергияның жетіспеушілігінен табиғи газ экспортын тоқтатылғанын хабарлады.