Өңірдегі ірі өндірістерден ауаға тарайтын улы заттар қоршаған ортаны күннен күнге ластап жатыр. Салдарынан аймақтағы онкология мәселесі де күрделі. Бұдан құтылудың жалғыз жолы көгілдір отынға көшу. Үкімет, Солтүстік және Шығыс өңірлерді газдандырудың екі баламасын ұсынып жатқаны белгілі.
Әзірге Павлодар облысы көршілес Ресейден келетін маршрутта қарастырылған. Әйтсе де мамандар, Керекуге көгілдір отынды "Сарыарқа" магистральдық газ құбырынан берген дұрыс дейді. Сарапшының пікірінше, газбен жабдықтауға арналған материалдардың дені Павлодар облысында өндірілетіндіктен бағасы арзанға түседі. Екіншіден, Ресейге тәуелді болмаймыз.