Газ-техникалық инспекциясы құрылады

885

Өрттің алдын алу шарасы күшейтіледі. 

Газ-техникалық инспекциясы құрылады

Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин осындай тапсырма берді. Бұл шаруа бір ай көлемінде атқарылып, жүзеге асырылуға тиіс. 

"Газ және газбен жабдықтау туралы" заңға сәйкес әкімдіктер газ-техникалық инспекциясын құрып, бүкіл газ жабдығын тексеріп тұруы керек. Алайда бұл жұмыс Нұр-Сұлтанда, Алматыда, Ақмола облысы мен Қостанай облысында ғана атқарылды. Басқа барлық өңірлердің әкімдіктеріне бір ай ішінде газ-техникалық инспекциясын құрып, тиісті бақылауды қамтамасыз етуді тапсырамын!" – деді  Асқар Мамин.

Үкімет басшысы тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігіне қатысты түсіндіру жұмыстарын жалғастыра беру қажет екенін еске салды.  

"Төтенше жағдайлар министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, жылу беру маусымында өрт қауіпсіздігі мәселесі бойынша халық арасында алдын алу жұмыстарын күшейтсін. Бұл іске ақпарат министрлігі жәрдемдессін!" – деді Асқар Мамин.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу