Газ жарылысынан бір адам мерт болып, бес адам жарақат алды

522

Оқиға Іле ауданының Өтеген батыр кентінде болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Газ  жарылысынан бір адам мерт болып, бес адам жарақат алды

31 тамыз сағат 10:21-де Алматы облысы ТЖД пультіне хабар түсті. Онда Іле ауданының Өтеген батыр кентінде Жерұйық көшесінде PolpanInsulation ЖШС зауытының жылу оқшаулағыш плита өндіретін ғимаратында газ-ауа қоспасының тарсылы, кейіннен 50 шаршы метр алаңда қабырға қаптамасы жанғаны және жалпы ауданы 400 шаршы метр шатыр мен қабырғаның опырылып құлағаны айтылған.

Мамандар дереу жіберілді.

Оқиға орнына сағат 10:24-те келген кезде 50 шаршы метр алаңда екі қабатты ғимараттың қабырғасының қаптамасы жанып жатқаны, сондай-ақ жарылыс салдарынан ғимараттың шатыры мен қабырғасының опырылып құлағаны анықталды. Оның жалпы ауданы – 1 250 шаршы метр.

"Өрт сағат 10:35-те ауыздықталып, сағат 10:50-де сөндірілді. Жалпы ауданы – 50 шаршы метр", – делінген Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, төтенше жағдай салдарынан 5 адам орташа ауыр жарақат алып, бір адам көз жұмған.

"Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 15 қызметкері мен 4 техникасы, сондай-ақ полиция қызметкерлері, 3 жедел жәрдем бригадасы және басқа да өзара іс-қимыл қызметтері қатысты. Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр", – деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу