"Газ желісі ұйымдарын" аккредиттеу институты жойылады

689

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев газ саласын дамытуға басымдық берілетінін баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Газ желісі ұйымдарын" аккредиттеу институты жойылады

"2020 жылы 55,1 млрд м3 газ өндірілді. Биыл 54,4 млрд м3 газ өндіру жоспарланып отыр. Қабылданған міндеметтемені ескере отырып, мұнай өндіру кезіндегі ілеспе газ өндірісінің жоспары қайта қаралды. Себебі мұнай өндірудің төмендеуі газ өндірісіне әсер етті. 2020 жылдың қорытындысы бойынша тауарлық газ өндірісі 30,5 млрд м3 құрады. 2021 жылы 30 млрд м3 тауарлық газ өндірілуге тиіс", – деді Нұрлан Ноғаев.

Министрдің мәлімдеуінше, былтыр газ экспортының көлемі 10,7 млрд м3 құрады. Биыл осы көлемді сақтау қажет.

"2020 жылы 3,2 млн тонна сұйытылған газ өндірілді. Биыл да осы межені көздеп отырмыз", – деді Нұрлан Ноғаев. 

Оның айтуынша, 2021 жылдың соңына қарай сұйытылған газ электронды сауда алаңы арқылы өткізу жүйесіне көшіріледі. 

"Бұл осы саланың ашықтығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында "Газ желісі ұйымдарын" аккредиттеу институты жойылады", – деді энергетика министрі.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу