Газа аймағында гуманитарлық жүк тиелген көліктерді тонап кетті

157

БҰҰ тонағандардың кім екенін анықтап жатыр. 

Газа аймағында гуманитарлық жүк тиелген көліктерді тонап кетті Фото: газета.ру

Газа секторының оңтүстігінде гуманитарлық көмек тиелген жүздеген жүк көлігі тоналды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

БҰҰ-ның палестиналық босқындардың істері туралы агенттігі БАПОР мұны "жылдың ең сорақы оқиғасы" деп атады.

СNN таратқан ақпаратқа сәйкес, БАПОР мен Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы үшін азық-түлік тасымалдайтын 109 жүк көлігінің ішінен Газадағы Керем-Шалом бақылау-өткізу бекетінде 97 көлік жоғалып кеткен.

Жүргізушілерге қару кезенген белгісіз біреулер жүк көлігіндегі жүктерді түсіруге мәжбүрлеген. Гуманитарлық ұйымдардың қызметкерлері жараланып, жүк көліктерінің бүлінгені айтылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу