7 қазаннан бері Газа секторында Израиль шабуылдарынан қаза тапқандардың жалпы саны 11 078-ге жетті. Бұл туралы БҰҰ-ның гуманитарлық істерді үйлестіру басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"11 қарашада елдің солтүстігіндегі ауруханаларда қызметтер мен байланыс тоқтағаннан кейін, Газаның денсаулық сақтау министрлігі қаза тапқандар санын жаңартқан жоқ. 10 қарашада Газада қаза тапқан палестиналықтардың саны 11 078 болды, оның ішінде 4 506 бала және 3 027 әйел бар", делінген департаменттің сайтында жарияланған мәлімдемеде.
Палестина денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тағы 2700-дей адам, оның ішінде 1500-дей бала із-түзсіз жоғалған. 27 490 палестиналық жарақат алды.