Газа аумағында аспаннан түскен көмек 5 адамның өмірін жалмады

1715

АҚШ пен Иордания палестиналықтардың өліміне әкеп соққан гуманитарлық көмектің әуеден түсірілу оқиғасына қатысы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды DW.

Газа аумағында аспаннан түскен көмек 5 адамның өмірін жалмады Фото: dw.com

8 наурыз, жұма күні Газа секторына әуеден гуманитарлық көмектің түсірілуі салдарынан бес адам қаза тауып, 11 адам жарақат алған. Бұл туралы ХАМАС бақылауындағы жергілікті денсаулық сақтау министрлігі мен оқиға куәгеріне сілтеме жасап CBS News арнасы хабарлады.

АҚШ пен Иордания жазатайым оқиғаға жауапкершілікті жоққа шығарады.

8 наурыз, жұма күні АҚШ, Иордания, Мысыр, Франция, Нидерланд және Бельгия Газа секторының үстінен гуманитарлық көмек тастады. АҚШ қорғаныс ведомствосы өкілінің CBS-ке баяндағанындай, алғашқы талдау қорытындылар американдық ұшақтың жердегі өлімге жауапты емес екенін көрсетті, бірақ тергеуді жалғастыру қажет.

Оның айтуынша, әскерилер гуманитарлық жүк салынған барлық жәшіктердің штаттық режимде түсірілгені туралы растау алған.

Иордания билігі де оқиғаға қатысы жоқ екенін айтты. Елдің мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ұшақтардың ешқайсысында техникалық ақау болған жоқ.

Бейсенбі, 7 наурызда АҚШ президенті Джо Байден халыққа үндеуінде Газа секторында гуманитарлық жүктерді жеткізу үшін уақытша порт салынатынын хабарлады.

Израиль СІМ баспасөз хатшысы Лиор Хаят ел бұл жоспарды құптайтынын айтты. Оның айтуынша, бұл жоспар "Израиль стандарттарына сәйкес қауіпсіздік тексерулері жүргізілгеннен кейін Газа секторына гуманитарлық көмекті арттыруға мүмкіндік беретінін" айтты.

Ол Израильдің ХАМАС лаңкестік ұйымы толығымен жойылып, кепілге алынғандардың барлығы қайтарылғанша күрес жалғасатынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу