Газа аумағында Қазақстанның 76 азаматы бар

274

Отбасы мүшелерімен қоса есептегенде олардың саны 161.

Газа аумағында Қазақстанның 76 азаматы бар Фото: reuters

Қазіргі уақытта Газа секторында 76 отандасымыз бар. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Біздің деректеріміз бойынша Газа секторында Қазақстан Республикасының 76 азаматы бар. Отбасы мүшелерімен қоса есептегенде олардың саны 161. Сонымен қатар шетелдік азаматтардың шығуына байланысты Мысыр және Израиль тарапынан белгілі талаптар бар. Олардың үштен бірі эвакуациялауға келмейді. Олар кәмелетке толғандар, ерлі-зайыптылар", - деді Айбек Смадияров министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайды бақылау ұстауда.

"Дегенмен көп нәрсе бізге байланысты емес. Әскери дипломатиялық дағдарысты бүкіл әлем шешуге тырысып жатыр. Өз тарапымыздан азаматтарымыз Мысыр шекарасынан өткеннен кейін арнайы эвакуацияға дайынбыз. Шетелде Қазақстан азаматтарын қорғау Сыртқы істер министрлігі мен елшіліктердің негізгі міндеттерінің бірі. Біз Таяу Шығыстағы жағдайды бақылап отырмыз. Өкінішке қарай, шиеленіс күшейіп келеді", дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу