Газа денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте Газада кем дегенде 219 адам қаза тапқанын мәлімдеді.
ХАМАС пен Израиль арасында соғыс басталғалы қаза тапқандар саны 8 525 адамға жеткен. Олардың ішінде 3450-і бала, 2180-і әйел.
ХАМАС-тың бақылауындағы Палестина анклавындағы қаза болғандар мен жараланғандар саны туралы деректерді тек Газа Денсаулық сақтау министрлігі таратып отыр. Өзге ұйымдардың нақты қанша адам қаза тапқанын анықтауға мүмкіндіктері жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу