Газа халқы бейбіт өмірге бір қадам жақындай түсті

1016

Халық екі жылға созылған қақтығыстың тезірек аяқталғанын күтеді. 

Газа халқы бейбіт өмірге бір қадам жақындай түсті Фото: Википедия

Израиль мен ХАМАС бейбітшілік жоспарының бірінші кезеңінде келісімге келгені туралы ақпараттан кейін Газа халқының қуанышы қойнына сыймай жатыр. Желіде көптен күткен жаңалыққа мәз-мейрам болған жұрттың бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Известия" басылымының жазуынша, Газа тұрғындары Израильмен арадағы бейбіт жоспардың бірінші кезеңі қабылданғаннан кейін көшеге шығып, думандатқан. Адамдар екі жылға созылған қақтығыс ақыры аяқталады деген үмітпен жүр. Хан-Юнус қаласындағы палестиналықтар да би билеп, тойлатып жүр.

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, Газа секторынан бөлек, Израильде де бұл жаңалықты қуана қабылдаған халықтың қарасы қалың. Олар ХАМАС тұтқынға алған адамдар үйге тезірек оралса дейді. 

Айта кету керек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Газа секторындағы қақтығысты тоқтату және тұтқынға алынған адамдарды босату туралы келісімді қолдайтынын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу