Израиль армиясымен бұғатталған Газа секторындағы әуе шабуылдарының құрбандарының саны 25-ке жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz Палестина Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, 9 мамыр күні басталған Газа секторына Израиль армиясының әуе шабуылдарынан 25 палестиналық қаза тауып, тағы 76-сы жарақат алды.
Өз кезегінде "әл-Құдс бригадалары" деп аталатын Исламдық жиһад қозғалысының әскери қанаты әуе шабуылдарының салдарынан Әли бригадасының мүшесі Хасан Гали де қайтыс болғанын хабарлады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу