Газа секторын жоюға арнайы жоспар жоқ

299

Израильдің Ресейдегі елшісі, Александр Бен Цвидің пайымдауынша, ХАМАС әскери құрылымдарын жою және кепілге алынғандарды қайтару жоспары бар.

Газа секторын жоюға арнайы жоспар жоқ Фото: РБК

Израиль мен ХАМАС арасында тікелей келіссөздер жоқ және болмауы ықтимал, - деп хабарлайды Inbusiness.kz, News.am агенттігіне сілтеме жасап. Бұл туралы Израильдің Ресейдегі елшісі Александр Бен Цви "Россия-24" арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

"Біз келіссөздер үстеліне отыра алмаймыз, олар Израиль мемлекетін жою қажет деп санайтын барлық уақыт межесін қайталайды", - деді Израиль елшісі.

Дипломаттың айтуынша, Израиль тарапы Газа секторын жойып, оның тұрғындарын көшіруді жоспарламайды.

"Әзірге, Газа секторын жою жоспары жоқ. Мен оның қайдан шыққанын нақты білмеймін. Алайда, Хамастың әскери құрылымдарын жою және кепілге алынған адамдарды қайтару жоспары бар", - деп хабарлады Израиль дипломаты, Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровтың Газа секторын жою бойынша берген түсініктемесіне сілтеме беріп.  

Сонымен қатар, Бен Цви Израиль тарапының Таяу Шығыстағы қақтығысты әскери тұрғыдан кеңейтуге дайын екенін, бірақ оған ешқандай қызығушылық жоқ екенін де атап өтті.

"Біз, әскери тұрғыдан дайынбыз. Бірақ, бізде бұл қақтығысты кеңейтуге бағытталған әрекет жоқ", - деді Израиль дипломаты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу