Газа секторынан эвакуацияланған қазақстандықтар Алматыға ұшып келді

337

Дипломаттар сол жерде қалып қойған Қазақстан азаматтарына жәрдем беру мен эвакуация ұйымдастыруды жалғастырады.

Газа секторынан эвакуацияланған қазақстандықтар Алматыға ұшып келді Фото: gov.kz

Газа секторынан қазақстандықтар мен олардың отбасы мүшелері Алматыға ұшып келді, - деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты СІМ мәліметтеріне сілтеме жасап.

"Бүгін арнайы эвакуациялық бортпен 99 жолаушы – Қазақстан азаматтары мен олардың отбасы мүшелері Алматы қаласына аман-есен ұшып келді. Әуежайдағы барлық міндетті рәсімдерден өткеннен кейін эвакуацияланған азаматтарға уақытша баспана беріліп, оларға қажетті құқықтық, медициналық және өзге де көмек көрсетіліп жатыр. Сәтті іске асырылған эвакуациялау Қазақстанның Израильдегі, Иорданиядағы және Мысырдағы елшіліктерінің осы елдердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен бірлескен үйлесімді жұмысының нәтижесі", - деп түсіндірді Сырты істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Ресми деректерге сәйкес, Таяу Шығыс өңірінің сыртқы саяси ведомстволарының басшылығымен келіссөздер қорытындысы бойынша, ҚР СІМ азаматтарымыздың Газа секторынан қауіпсіз және еш кедергісіз шығуы туралы уағдаластыққа қолжеткізді.

Қазақстандық дипломаттар қақтығыс аймағында қалып қойған Қазақстан азаматтарына көмек көрсету және эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу