Бүгін Газа секторынан эвакуацияланған отандастарымыз Каирге жетіп, қонақ үйге жайғасты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстандық дипломаттар мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері оларға барлық қажетті көмекті, оның ішінде психологиялық қолдау көрсетуде. Сонымен қатар ҚР азаматтары мен олардың отбасы мүшелеріне құжат рәсімдеу мәселелері қаралу үстінде", - делінген хабарламада.
Айта кетсек, бұған дейін Газа аумағынан жүзге тарта отандасымыз эвакуацияланғаны хабарланған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу