Газа секторында 3 800 бала шұғыл емге мұқтаж

151

Аймақта 15 600-ден астам тұрғын, соның ішінде 3 800 бала, мамандандырылған медициналық көмекке мұқтаж.

Газа секторында 3 800 бала шұғыл емге мұқтаж Фото: profile.ru

​Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Гебреисус X әлеуметтік желісінде хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ол ауыр хәлдегі науқастарды эвакуациялауға қолдау көрсеткен Біріккен Араб Әмірліктеріне алғыс айтты.

– Мыңдаған науқас әлі де көмекке зәру. Біз эвакуация ауқымын кеңейтіп, өмірлік маңызды медициналық қызметке қолжетімділікті арттыруды талап етеміз, – деді Тедрос Гебреисус.

Сонымен қатар, ДДСҰ басшысы Газа секторында атысты дереу тоқтатуға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу