Газа секторында 61 млн тонна қоқыс бар

228

Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының аймақтағы кеңсе басшысы Алессандро Мракич мәлімдеді.    

Газа секторында 61 млн тонна қоқыс бар Фото: UNDP PAPP

Әзірге таудай боп үйілген қоқыстың 287 мың тоннасы ғана жиналған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қалдықтар құдықтарды бітеп, одан бөлек медициналық орталықтар мен ауруханаларға баратын жолдарды жауып тастады.

Еуропалық Одақ, Біріккен Ұлттар Ұйымы және Дүниежүзілік банк арнайы бірлескен зерттеу жүргізіп, Газаға келтірілген зардаптың есебін жариялады. Онда осы шағын аймақты қалпына келтіру үшін алдағы он жылда 71,4 млрд доллар қажет екені жазылған. 

 "Газада бұрын-соңды мұндай қоқыс болмаған. Олармен күресу біздің пешенімізге жазылыпты. Аймаққа гуманитарлық көмек жеткізудегі ең басты кедергі осы қалдықтар. Біздің жұмысымыз қоқысты жинау, сұрыптау, ұсақтау және қайта өңдеуді қамтиды. Әзірге жинаған қалдықтарды жолдарды қалпына келтіруге және баспаналар мен қоғамдық асханаларға арналған алаңдарды төсеуге пайдаланып жатырмыз. Бұл бір жағынан өте қауіпті жұмыс. Қоқыстың арасында жарылмаған мина немесе басқа оқ-дәрі болуы мүмкін", – деді БҰҰ Даму бағдарламасының Газадағы кеңсесінің басшысы Алессандро Мракич.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу