Газа секторында атысты тоқтату туралы келіссөздер нәтиже бермеді – Reuters

193

Израиль мен ХАМАС арасындағы келіссөздер 25 тамызда Каирде өтті.  

Газа секторында атысты тоқтату туралы келіссөздер нәтиже бермеді – Reuters Фото: Азия ТВ

Газадағы атысты тоқтату туралы келіссөздер нәтижесіз аяқталды, Израиль мен Палестинаның ХАМАС қозғалысы делдалдардың бірқатар ұсыныстарын қабылдамады. Бұл туралы Reuters Мысыр дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Газа секторы бойынша ықтимал мәміле туралы келіссөздер Каирде нәтижесіз аяқталды, ХАМАС та, Израиль де делдалдар ұсынған бірнеше ұсыныстарды қабылдамады", — деді екі дереккөз агенттікке.

Жексенбіде Израиль премьер-министрінің кеңсесінің кеңесшісі Дмитрий Гендельман РИА Новостиге атысты тоқтату үшін Газа секторынан кепілге алынған адамдарды босату туралы келіссөздер жалғасып жатқанын айтты. Израиль мен "Хезболла" арасындағы шиеленіске қарамастан, Израиль делегациясы жексенбіде Каирге барды.

Израиль мен ХАМАС Газа секторындағы атысты тоқтату және кепілге алынғандарды босату туралы келіссөздер 25 тамызда Каирде ОББ (орысша ЦРУ – ред.) басшысы Уильям Бернс, Катар премьер-министрі Мұхаммед бен Абдуррахман Аль Тани және Израиль мен Мысырдан келген жоғары лауазымды шенеуніктердің қатысуымен өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу