Өткен тәулікте Газа секторында Израиль армиясының шабуылынан кем дегенде 310 палестиналық қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz БҰҰ деректеріне сілтеме жасап.
24 сағат ішінде Израильдің әскери күштері Палестина анклавын әуеден, құрлықтан және теңізден бомбалап, осынша адам ажал құшқан. 7 қазаннан бері Газада қаза тапқан 17,5 мыңға жуық адамның шамамен 70%-ы – әйелдер мен балалар. Жарақат алғандардың саны 46 мыңнан асты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу