Газа секторында 20 күндік егіз сәби қатты суық салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл Палестина анклавында соңғы аптада болған осымен алтыншы жағдай.
Егіз сәби Газа секторының орталығындағы Дейр-Эль-Балах шатырында қайтыс болды. Балалардың әкесі Яхья аль-Батран егіздердің мерзімінен бір ай бұрын дүниеге келгенін айтты. Олар ауруханада бір күн ғана жатқан. Себебі ол жер Газа секторындағы басқа медициналық мекемелер сияқты адамға толы. Израиль тарапынан жасалынатын соққыларға байланысты ауруханалар ішінара жұмыс істейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу