Бұл туралы Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің бас директоры Медхат Аббас хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
"Осы оқиғаларға дейін де (әскери іс-қимыл басталарға дейін) жағдай жақсы емес еді... ал бүгін біз әдетте бір айда тұтынатын дәрі-дәрмекті бір күнде бітіріп жатырмыз. Бірнеше күннен кейін біздің қорларымыз таусылады", — деді министр.
Бұған дейін Газа секторындағы "Шекарасыз дәрігерлер" ұйымының БАҚ-пен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Айман әл-Жаруша РИА Новостиге Палестинаның Газа секторындағы израильдік бомбалаудан мыңдаған жаралылар газа ауруханаларына дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі жағдайында жатқызылып жатқанын айтқан болатын.