Газа секторында халық ашыға бастады

322

Қазақ тапқандар саны 25 мыңға жуықтады.

Газа секторында халық ашыға бастады Фото: Reuters

БҰҰ көмек агенттіктерінің хабарлауынша, Газа секторының кейбір аудандарында ашаршылық орын алып, қыс басталысымен жағдай ушығып барады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Euronews арнасының мәліметінше, Израильдің үздіксіз бомбалауы мыңдаған адамды үйлерін тастап кетуге мәжбүр етті. Кейбіреулер қазір азық-түлікке қол жеткізе алмай, жол жиегінде тұрып жатыр.

Біріккен Ұлттар Ұйымының агенттіктері Газа секторының Израильдің соққысынан зардап шеккен аймақтарына жол ашу бойынша бірлескен үндеу жариялады.

"Кейбір аймақтарда адамдар аштыққа ұшырады және біз оларды негізгі азық-түлікпен қамтамасыз ете алмаймыз. Біз оларға көмек бергенімізбен қажеттілік одан да жоғары болып тұр. Біз азық-түлікті көбірек жеткізе білуіміз керек және Газаның кез келген жеріндегі адамдарға жету үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажет", - деді БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының Палестина бойынша өкілі Самер Абдельджабер.

300 000-ға жуық адам әлі күнге дейін қирандылар арасында өмір сүріп жатыр, соғыс жүріп жатқандықтан ол жаққа кіру қиынға соғып отыр. БҰҰ тағы бір кедергінің барын айтады. Осы айда Газа секторының солтүстігіндегі көмек керуендерінің төрттен бір бөлігі ғана межелі жеріне жеткен, өйткені Израиль билігі қауіпті деп көліктердің кіруіне рұқсат бермеген.

Газа Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 17 желтоқсанда Палестина анклавында қаза тапқандар саны 24 448 адамға жетіп, 61 504 адам жараланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу