Газа секторында тамақ ұрлау көбейді

156

Газа секторында азық-түлік қолды болып жатыр.  

Газа секторында тамақ ұрлау көбейді Фото: aa.com.tr

 2,5 ай шектеуден кейін Израиль өңірге гуманитарлық көмекті өткізуге рұқсат берді. Бүгін Газаға жүк тиелген 100 көлік кіруі тиіс, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Онсыз да тұрғындарға жетпей жатқан азық-түлікті ұрлап, сататындар көбейді", - дейді БҰҰ өкілдері.

Ал, 2 миллионға жуық адамға тәулігіне кемі 500 көлік азық-түлік жеткізу қажет.  

"Көмекті көбейту керек. 100 жүк көлігінің өзі өте аз. Газаға азық-түлік неғұрлым аз жеткізілсе, соғұрлым тұрғындар арасында үрей арта түсіп, олар тамақ үшін осындай жаман әрекетке барады. Үмітсіз, жарақаттанған адамдар. Газа тонау, ұрлық және зорлық-зомбылық толқынымен бетпе-бет келіп отыр", - деп мәлімдеді БҰҰ-ның гуманитарлық сұрақтарды үйлестіру жөніндегі басқармасының өкілі Йенс Лерке.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу